Жаңалықтар

Ақмола тұрғыны қаңғыбас иттердің етін дәмханаларға сатқан

Ақмола тұрғыны қаңғыбас иттердің етін дәмханаларға сатқан
Фото: © Polisia.kz 05.07.2023 22:23 997

Ақмола облысында қаңғыбас иттердің етін сатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz таратқан дерекке сәйкес, ер адамға айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпан күні Шортанды ауданы Дамса кентінің 41 жастағы тұрғынына қатысты жануарларға қатыгездік көрсету туралы қылмыстық іс тіркелген болатын. Ер адам қаңғыбас иттерді ұстап алып, олардың етін сатқан. Тінту кезінде ер адамнан 750 келі ит еті табылды.

Астана қаласындағы кафелердің бірінің иесі бұрын күдіктіден 150 келіге жуық ет сатып алғанын, ол үшін 100 мың теңгеден астам ақша төлегенін айтты. Полиция қызметкерлері анықтағандай, ер адам бұрын ветеринарияда жұмыс істеген және иттерді қалай атуға болатынын білген. Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктіден Аделин-супер препаратымен 26 дана дарт, 190 дана дартпен 19 пластинка, қызғылт түсті 11 дарт, көк түсті бір дарт, инесі бар шприц, мылтықтың дүм қолсабы, мойыны табылды, олар соттан кейін жойылды. Айта кету керек, қылмыстық іс қабылданғаннан кейін Шортанды ауданы полиция бөлімінің анықтаушысы істің 4 томдық материалына қарамастан, екі апта ішінде хаттамалық нысан бойынша материалды сотқа беріп үлгерді.

26 маусым күні Шортанды ауданы сотының ер адамға қатысты үкімімен 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 690 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда ер адам осы айыппұлды төлеп үлгерді. Полиция қызметкерлері азаматтарға жануарларды заңсыз атуға және оларға қатыгездікпен қарауға заңмен тыйым салынғанын еске салады. Осыған байланысты, егер біреу қатыгездікке куә болса, шұғыл түрде полицияға хабарласуды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға