Ақмола тұрғыны пәтерінде 6 келіден астам есірткі сақтаған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
20.07.2023 18:33
966
"Қарасора-2023" іс-шарасы кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 келі 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді. Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды, - делінген Polisia.kz мәліметінде.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі “Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды