Жаңалықтар

Ақмола тұрғыны 24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті
Ақмола тұрғыны 24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған
Фото: aikyn.kz 17.11.2022 10:18 1420

24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды El.kz

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен спирті бар сұйықтық толтырылған әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 27,5 миллион теңгеден асады.

Сот үкімі Батжановқа А.Т. қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға