Жаңалықтар

Ақмола полицейлері танысын атып өлтірген күдіктіні ұстады

Ақмола полицейлері танысын атып өлтірген күдіктіні ұстады
Фото: © Polisia.kz 21.11.2023 19:43 697

Ақмола полицейлері танысын атып өлтірген күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, жүргізілген жедел тергеу іс-шаралары мен полиция қызметкерлерінің келісілген іс-қимылдарының нәтижесінде Макинск қаласының 23 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев жеке өзі бақылап отырды. Ер адам сағат 11:00-де Сандықтау ауданының ауылдарының бірінде ұсталды. Бұл елді мекенде оның туысы тұратыны анықталды. Сондай-ақ аудан аумағында өлтірілген азаматқа тиесілі ұрланған автокөлік пен қару табылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 21 қарашада болған. Сағат 01:30 шамасында Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысын атыс қаруынан өлтіргені алдын ала анықталған. Кейіннен күдікті Toyota Land Cruzer Prado 150 автокөлігін ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде полицейлер ұсталған адамды ауыр қылмыс жасауға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға