Ақмола облысының өрт сөндірушілері екі баланы өлімнен құтқарды

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
01.12.2023 22:22
1030
Ақмолалық өрт сөндірушілер өрт кезінде екі баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде орын алған өрттен 2 және 7 жасар бала құтқарылып отыр. Үш техника мен жеке құрамның 8 адамы шақырту орнына 4 минутта келіп өртті 17 минут ішінде жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын-ала себебі – балалардың отпен ойнауынан болып отыр. Осы ретте ТЖМ балалардың отпен ойнауына жол бермеу және оларды қараусыз жалғыз қалдырмауды қаперге салады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді