2 қыркүйекте Степняк қаласындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД мәліметінше, өрт қосалқы бөлмеден шыққан.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимараттан 15 баланы эвакуациялады. Өрт жарты сағат ішінде оқшауланып, 3 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - делінген хабарламада.
ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды