Жаңалықтар

Ақмола облысында жылу беру жүйесінің 80 пайызы ескірген

Ақмола облысында жылу беру жүйесінің 80 пайызы ескірген
Фото: shutterstock.com 10.03.2023 11:23 2290

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі күрделі мәселенің бірі жылу беру жүйесі мен ЖЭС-тің тозығы жеткенін айтты.

«Бүгінде облыста жылу беру жүйесінің 80 пайызы ескірген. Бұл бағытта Мемлекет басшысы арнайы сапары барысында тапсырма берді. Жекеменшіктегі жылу беру жүйелерінің 50 пайызы әкімдіктің қарамағымына өтетін болады. Осы жылы жөндеу жұмыстары қолға алынып, республикалық және облыстық бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді. 10-15 км-ге дейін жылу беру жүйелерінің құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі және жекеменшік инвестор өзінің де қаражатын салу қажет. Қауіптілігі жоғары қалалардың қатарында Атбасар, Степногорск және Көкшетау қалалары тұр», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев.

Айта кетейік, өткен айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Степногорск қаласына арнайы жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға