Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
10.10.2024 00:28
566
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар жоқ, - деп атап өтті компаниядан.
Белгілі болғандай, апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.
Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Апта соңына дейін елімізде күн суытады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді