Ақмола облысында жол жабылған ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тікұшақпен жеткізді

Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
14.04.2024 23:17
624
Ақмола облысында Терісақан және Есіл өзендерінің арнасынан тасуына байланысты Жақсы ауданының облыстық маңызы бар «Қима-Терсақан» автожолының 28 шақырымын су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақсы ауданының Терісақан ауылы аудан орталығымен көлік арқылы қатынай алмай қалған болатын. Осыған байланысты, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері ЖАО-мен бірлесіп "Қазавиақұтқару" тікұшағында азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізді.
Сондай-ақ, елді мекеннен жүктіліктің 36 аптасындағы әйел мен оның жұбайы эвакуацияланды.
Есіл өзенінің арнасы бойынша ауылдағы жағдай тұрақты. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанайда су тасқынынан кейін ауылдарлы электр энергиясымен қамту жұмыстары жүргізілуде
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды