Жаңалықтар

Ақмола облысында жол инфрақұрылымы бойынша 130-ға жуық жоба іске асырылады

Ақмола облысында жол инфрақұрылымы бойынша 130-ға жуық жоба іске асырылады
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 29.06.2024 02:34 554

Ақмола облысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу барысы туралы деректерді жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл облыстағы жолдарды жақсартуға 66 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалған. Облыстық, аудандық маңызы бар автожолдары мен елді мекендердің көше-жол желісін салу және жөндеу жоспарланып отыр. 

Облыстық маңызы бар жолдарды салу және жөндеу шеңберінде 23 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл «Щучинск-Степняк-Уәлиханово», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы - Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское", "Щучинск-Николаевка" "Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск»,  «Есіл-Свободное-Раздольное»,  «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және т. б. Облыста асфальтбетон және құм-қиыршық тас қоспасымен шұңқырларды жөндеу, қиыршық таспен жабылған жолдарды толтыру және профильдеу, жол таңбаларын орнату, жаңа жол белгілерін ауыстыру және орнату және т. б. жұмыстар жалғасуда", - деді облыстық басқарма басшысы.

2024 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды 141 еріген қар суы басқаны тіркелді, нәтижесінде 40-қа жуық автомобиль жолы зардап шекті. Бүгінгі таңда барлық елді мекендерге көлік қатынасы қалпына келтірілді.     

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директоры Нұржан Жұқабетов Ақмола филиалы жүргізіп жатқан жұмыстар және облыстағы республикалық маңызы бар жолдар бойынша жоспарланған жобалар туралы айтып берді. Кеңесті қорытындылай келе, Марат Ахметжанов жауапты мемлекеттік органдардың автожолдарды салу және жөндеу бойынша жұмыстары нашарлығыа назар аударды.

Әлеуметтік желілерде жолдарды сапасыз жөндеуге қатысты тұрғындардың өтініштері әлі де көп. Сондықтан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар мен қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау қажет, - деп түйіндеді облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға