Ақмола облысында жол апатына ұшыраған үш адам құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
07.01.2025 01:19
618
Ақмола облысында үш адам жол-көлік оқиғасынан кейін құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Макинск қаласынан 10 км қашықтықта "Макинск-Жалтыр" автожолында жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға орнына "Макинск" трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері келді. Дәрігер-құтқарушылардың жедел және шебер әрекеттерінің арқасында үш адам құтқарылды, олардың біреуі зақымдалған көліктен алып шығарылды, - делінген мәліметте.
Бұланды ауданының құтқарушылары зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды орталық аудандық ауруханаға жеткізді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда биыл 100 мектеп автобусы сатып алынады
Келесі жаңалық
Алматы облысында резеңке дөңгелектер зауытынан өрт шықты