Жаңалықтар

Ақмола облысында жол апаты болған орыннан жүзге тарта автокөлік жөнелтілді

Ақмола облысында жол апаты болған орыннан жүзге тарта автокөлік жөнелтілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 04.01.2025 01:28 623

Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңында "Астана-Петропавл " автожолында жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған мәселе толығымен шешімін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді. Осыдан кейін ТЖМ вице-министр Кеген Тұрсынбаев бастаған ведомство басшылығы келген. Апаттық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Олар Астана қаласына бара жатқан машиналармен және ТЖ көлігімен жөнелтілді.

Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, менікі, жол қызметтерінен 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды. Жылыту пункттері ашылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Облыстық ТЖД-да жедел желі телефоны жұмыс істеп тұр (Жедел желі: 8716-2-52-09-50). Астана қаласына қарай 600-ден астам техникадан тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылды. Щучинск қаласындағы блок бекетте 260 бірлік техника кептелісте тұрып қалды. Щучинск қаласындағы жылыту пунктіне 73 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Макинск қаласындағы станцияға 16 азаматты, оның ішінде 8 баланы жеткізді. Азаматтар "Астана-Щучинск" тас жолының учаскесінен эвакуацияланған болатын. Олар теміржол көлігімен Астанаға жөнелтілді. 3 қаңтарда сағат 23:50–дегі жағдай бойынша Астана-Петропавл автожолындағы ЖКО орнынан барлық 95 автомобиль жөнелтілген. 

  Жол - көлік оқиғасының салдары толығымен жойылды, қисық сызықты брус қалпына келтірілді. Жол қызметінің қызметкерлері жол учаскесін толығымен тазартты. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға