Жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалған полицейдің денесі судан табылды

Ақмола облысында жоғалған полицейдің денесі судан табылды
25.06.2023 13:45 880

Ақмола облысында 20 маусым күні із-түзсіз жоғалған полицейдің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бір тәуліктен астам іздестірілген аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары өзенге батып кеткені белгілі болды. Зеренді ауданы полициясы басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің жоғалып кеткені туралы арыз 23 маусым күні түскен болатын. Оның әріптестері мен волонтерлер жүргізген іздеу жұмыстары бір күннен астам жалғасқан

Полицей Ақмола облысындағы Қылшықты өзенінен табылды. 25 маусым сағат 09.15-те іздестіру шаралары барысында мәйіт шамамен тереңдігі екі метр котлованнан табылып отыр. 

Алғашқы тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтады, - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
 
Енді аталған оқиғаға қатысты сараптама жасалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға