Ақмола облысында жоғалған екі жасөспірім Астанадағы жалдамалы пәтерден табылды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
11.06.2023 10:55
802
Ақмола облысы Ақкөл қаласында екі жасөспірім хабар-ошарсыз жоғалып кетіп, іздеу жарияланды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше 15 жастағы Анастасия Мац пен 14 жасар Элеонора Аяшеваны Ақмола полициясыіздеуді қолға алып, оларға еріктілер қосылған.
7-8 маусым күндері Ақкөл ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Аталған жасөспірімдер балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері. Қыздардың "индрайвер" қосымшасы арқылы көлік тауып, Астанаға қарай кеткені белгілі болды. Сол күні жедел уәкілдер "Мерседес" маркалы автокөлік жүргізушісін тауып, ол кәмелетке толмағандарды елордаға апарып, "12 ай" дүкенінің маңында қалдырғанын айтқан, - деді ПД-ні баспасөз қызметіндегілер.
Сол уақытта жоғалған қыздар ұялы телефондарын өшіріп тастаған. 9 маусымда кешке Ақкөл ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру нәтижесінде қос жасөспірімді Астанадағы жалдамалы пәтерден тапты.
Жасөспірімдерге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталып, кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді және олардың мінез-құлқын бақылау күшейтілетін болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысындағы өртті 1 500-ге жуық адам сөндіріп жатыр
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты