Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті
Фото: iStock
Фото: iStock
08.11.2024 15:07
878
Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұланды ауданының Макинск қаласында бүгін таңғы 08:45-те жас жігіт пойыз астына түсіп, мерт болды. Марқұм өтуге болмайтын жерден өткен. Күн жарық болған.
Пойыз шұғыл түрде тежегішті іске қосқанымен, сигнал бергенімен еш нәтиже болмаған. Капишон киіп, құлаққап тағып алған жас жігіт оның бәрін естімеген.
32 жастағы ер адам Бұланды ауданының әкімдігінде маман болып жұмыс істеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Легионерлерсіз отандық футбол құлдырайды – Самат Смақов