Ақмола облысында «Жас ұрпақ» жобасы іске қосылды
Ақмола облысында «Жас ұрпақ» жобасының басталуына арналған форум өтті. Жаңа жоба 4-11 сынып оқушыларын қамтиды және патриотизмді, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға облыс прокуроры Руфат Құттыков, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, полиция департаментінің және облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары қатысты.
Форум барысында 40 оқушы жобаның алғашқы қатысушылары атанды.
Жоба аясында оқушыларға қауіпсіздік негіздері, этикет, қаржылық сауаттылық, үлкендерге құрмет және патриоттық құндылықтар бойынша білім беріледі.
Прокуратура мәліметінше, алдағы уақытта жоба бүкіл облысқа кеңейтіліп, жаңа қатысушылар тартылады деп жоспарлануда. Бұл бастама белсенді, жауапты және мәдениетті жастарды тәрбиелеудемаңызды қадам болмақ.