Жаңалықтар

Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 17.08.2023 14:17 932

Майлан ауылындағы өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру машинасының тұрағына арналған бокстан және жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жайдан тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дайындықта өрт-техникалық қарумен жабдықталған өрт сөндіру автокөлігі бар, сондай-ақ үш адам тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікте.

Бүгін салтанатты түрде Майлан ауылында өрт сөндіру бекеті ашылуда, бұл іс-шараның алдағы мемлекеттік мереке  «Қазақстан Республикасының Конституция қүнін» мерекелеу қарсаңында өтіп жатқаны өте маңызды. Өз кезегімде Ерейментау ауданы әкімдігіне алғысымды білдіргім келеді, бүгінгі таңда ауданда үшінші өрт сөндіру бекетін ашқалы отырмыз, – деп Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Атығаев құтқарушылардың жұмысын бағалап, Ерейментау гарнизонының жұмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға