Жаңалықтар

Ақмола облысында «Шипажай-2023» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумы аяқталды

Ақмола облысында «Шипажай-2023» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумы аяқталды
Фото: © Pixabay.com 12.08.2023 09:42 883

Ақмола облысында «Шипажай-2023» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форум санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру, үздік тәжірибелерді қолдану, проблемаларды анықтау және шешу жолдарының мәселелері бойынша тиімді тәжірибе алмасу алаңы ретінде қарастырылған. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов санаторлық-курорттық емдеу және сауықтыру жүйесі халық үшін, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін кең қолжетімділікті іске асыруға бағдарлануы тиіс екенін атап өтті. 2021 жылдан бастап санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін көрсету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүргізіледі, онда мүгедектігі бар адамдар қызмет көрсетушіні өз бетінше таңдауына мүмкіндік бар. 

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген әлеуметтік кодекстің жаңашылдығы – ақыл-ой кемістігі бар (аутизм спектрінің бұзылуы) балаларға арналған санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну. Олар ата-аналарының немесе қамқоршыларының міндетті сүйемелдеуімен санаторий-курорттық ұйымдарға жіберілетін болады. Биыл пилоттық режимде мыңға жуық баланы жіберу жоспарлануда.

Жекелеген бағыт бойынша еліміздің барлық санаторийлерінде мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті түрде қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Форум аясында комитет төрағасы әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің бірқатар санаторийлеріне барды.

Санаторийлер әкімшілігімен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оңалту іс-шаралары, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны міндетті түрде қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіне қойылып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға