Ақмола облысында құтқарушылар биіктен секірген мектеп оқушысына көмек көрсетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
24.06.2024 02:28
675
Ақмола облысының құтқарушылары кіреберістің күнқағарына секірген қызға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Степногорск қаласында қыз бала көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде қамауда қалып, терезеден шығып, кіреберістің күнқағарына секіріп аяғын жарақаттағаны анықталған.
Келген құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен түсіріп алды.
Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі оқыс жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға