Ақмола облысында өрт кезінде 4 адам құтқарылды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
09.06.2024 16:42
549
Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Тілсіз жау шарпыған аумақ 12 ш. м. алаңға жайылған. Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 4 тұрғынды құтқарды. Кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 22 минутта жойылды.
Құтқару операциясына бөлімше командирі Әсет Жолдасбаев, аға өрт сөндіруші құтқарушы Аманжол Шырылдақов, Щучинск қ. 6-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Данияр Оразалин қатысты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордада канадалық ғалым тəжірибесімен бөлісті
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды