Жаңалықтар

Ақмола облысында оқушыны мектеп автобусы қағып өлтірді

Ақмола облысында оқушыны мектеп автобусы қағып өлтірді
Фото: видеодан алынған кадр 20.02.2025 10:05 474

Ақмола облысының Қараөткел ауылында мектеп автобусы 9 жасар қызды қағып, бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі 2015 жылы туған оқушыны қағып кеткен.

Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр – делінген ресми хабарламада.

Ақмола облысының білім басқармасы оқушының отбасына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізіп жатыр. Оқушының отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі, – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға