Ақмола облысында монша өртенді
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
19.01.2025 23:37
119
Ақмола облысы Зеренді ауылында монша өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жеткен. Нәтижесінде 35 шаршы метр алаңдағы шарпыған қызыл жалын аз уақыт ішінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Осы ретте ведомство өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне шұғыл хабарлау қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға