Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
19.11.2022 01:18
834
Ақмола облысының Аршалы ауылында мектеп аумағында орналасқан қазандық жарылды. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ТЖ министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 18 қараша сағат 12:18-де Аршалы ауданы Аршалы ауылындағы Писарев 18 көшесінде болған.
"Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектептің аумағында бөлек тұрған қазандықта қатты отынмен жанатын жылыту қазаны жарылды. Ғимараттың құрылыс конструкциясы қирады, бірақ өрт шыққан жоқ. Ауруханаға 3 адам – 1983 жылғы шаруашылық меңгерушісі, 1990 жылғы электрик және 1967 жылғы от жағушы жатқызылды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратынша, зардап шеккендердің бәрі есін біледі.
Мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, апат салдарын жою және жылу беру бойынша шаралар қолға алынып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды