Ақмола облысында көлік өртенді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
05.06.2024 08:38
569
Ақмола облысының құтқарушылары жеңіл автокөліктен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бурабай ауданында "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктен өрт шығып, төтенще жағдай орын алды.
Өрт сөндірушілер дер кезінде оқиға орнына жетіп, өртті толығымен сөндірді. Қазір аталған тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл ретте төтенше жағдай министрлігі оқыс оқиға орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласуды қаперге салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды