Жаңалықтар

Ақмола облысында есірткі зертханасы анықталды

Ақмола облысында есірткі зертханасы анықталды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 19.10.2024 11:15 457

Қыркүйекте ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынды.

7 келіге жуық «мефедрон» психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға