Ақмола облысында екі жүкті әйел эвакуацияланды
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
09.02.2024 20:29
694
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында іші ауырғанына шақымданған екі жүкті әйел эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты әйелдер Шалқар ауылынан шыға алмаған.
Қорғалжын ауданы ТЖБ құтқарушылары Астана қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп әйелдерді аудандық ауруханаға және Астана қаласының ауруханасына жеткізді, - делінген мәліметте.
Жүкті әйелдердің жағдайы тұрақты.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарды қолайсыз метеожағдайлар кезінде жолдарда сақ болуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға