Жаңалықтар

Ақмола облысында бөгеттен су жүру қаупі төнді: ТЖД күштері жұмылдырылды

Ақмола облысында бөгеттен су жүру қаупі төнді: ТЖД күштері жұмылдырылды
Фото: ҚР ТЖМ 06.04.2025 19:05 346

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында су жүру қаупін жоюда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Макинка ауылының маңындағы аттас бөгетте Бурабай ауданы мен Біржан Сал ауданы ормандарында қардың белсенді еруіне байланысты бөгеттен су жүру қаупі төнді.

Жергілікті жерде Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Атап айтқанда, өнімділігі жоғары екі өрт-сорғы станциясы іске қосылды.

Жағдай ТЖМ бақылауында. Ақмола облысының, Астана қаласының құтқарушылары, ЖАО және «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға