Ақмола облысында бас бухгалтер 240 млн теңге ұрлаған

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
31.03.2025 19:39
377
Ақмола облысы Жарқайың ауданының соты аса ірі мөлшерде қаражат ұрлаған мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтеріне айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, сот үкімімен оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
Сонымен қатар сот азаматтық талапты қанағаттандырды: сотталғаннан кәсіпорынның пайдасына келтірілген залал 240 млн теңгеден астам өндірілді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
