Жаңалықтар

Ақмола облысында балықшылар құтқарылды

Ақмола облысында балықшылар құтқарылды
Фото: polisia.kz 21.08.2024 19:42 476

Ақмола облысының полицейлері суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті.

Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Сондықтан олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болған. Ал оқиға орнына жеткенде полиция қызметкерінің бірі екі адамды құтқару үшін еш ойланбастан суға секірді.

Тәртіп сақшысы суға батқандарға тез жетіп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін полицейлер оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырды. бір ер адамда суда құрысу басталып, нәтижесінде ол суға бата бастаған. Екіншісі оны құтқару үшін сүңгіп кетті, бірақ оны үрей басқан. Осылайша, екеуі де судан шыға алмай қалды, - делінген мәліметте.

Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер Қызылорда облысынан, елордаға досына келіп, балық ауламақ болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға