Ақмола облысында әйелін ұрып өлтірген ер адам сотталды
Фото: © pexels.com
Фото: © pexels.com
23.05.2024 17:42
649
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам масаң күйде бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оны аямай соққыға жыққан. Әйел алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде сотталушының психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен алкогольге тәуелділігі анықталды.
Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жазаға тартылды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оған жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде көкөністердің бағасы күрт өсті
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты