Жаңалықтар

Ақмола облысында 56 елді мекенді су басуы мүмкін

Ақмола облысында 56 елді мекенді су басуы мүмкін
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 10.03.2023 10:57 2821

Әр көктем келген сайын қар қалың түскен өңірлерді су басады. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі биылғы табиғи апаттың алдын алу үшін Ақмола облысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын облыс әкімінің орынбасарынан сұрап білді. 

Облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, бүгінде қауіпті аймақта тұрған 56 елді мекен бар.

«Бұлардың көбісі Елорда маңында орналасқан. Нұра және Есіл өзеніне жақын Атбасар, Зеренді секілді бірнеше аудан кіреді. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жыл сайын қаржы бөлінеді. Қазіргі уақытта 2,5 млрд теңге резервте тұр. Арнайы техника мен жанар-жағармай дайындалды. Бұдан бөлек өзендерде тұрған гидротехникалық құрылымдарға қатысты жұмыстар атқарылды. Мұз жару жұмыстары 10-наурызда басталады. Бір-екі күн ішінде қар деңгейі біршама түсті. Енді оны шығарып жатыр. Жалпы көктемгі табиғи апаттың алдын алу бойынша дайындық бар», – деді әкім орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға