Жаңалықтар

Ақмола облысында 120-дан астам адам орман өртін сөндірді

Ақмола облысында 120-дан астам адам орман өртін сөндірді
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 05.06.2023 04:15 828

3 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауданының «Бұқпа ОШ» КММ аумағында құрғақ шөп өртенген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен өрт орнында штаб құрылды.

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ТЖМ жедел штабында өртті тез арада жоюға бағытталған міндеттердің орындалуын жеке бақылауға алды.

Нұрлан Атығаевтың айтуынша, дереу оқиға орнына департаменттің күштері мен құралдарынан 115 адам және тоғыз техника жіберілген.

Қазавиақұтқару» екі авиациясы іске қосылды, су төгетін құрылғымен шамамен 27 су ағызу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, - деді Нұрлан Атығаев.

Халықты табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру керек. Бізде Бурабай, Зеренді курорттық аймақтар, туристер көп, астаналық жасыл белдеу және Көкшетаудың айналасында үлкен орман алқабы бар. Біз бәрін ерекше бақылауда ұстауымыз керек, - деді Ермек Маржықпаев.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 115 адамы және 10 техника, 5 автоцистерна, 2 вахталық көлік, 1 командалық-штабтық машина,«Бұқпа ОШ» КММ жеке құрамның 47 адамы және 6 техника, 3 автоцистерна, «Үрімқай ОШМ» КММ 5 адам және 1 техника бірлігі,  «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы» КММ 6 адам және 2 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ 3 экипаж мүшесі, 2 техника және Ми-8 тікұшағы, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, жергілікті атқарушы органдар, Ақмола облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен су ағызу құрылғысы бар жалпы көлемі 81 тонна 27 су ағызу жүзеге асырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ департаментінің және орман шаруашылығы басқармасының күшімен қарауылдау жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Ақмола облысында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталуда. Ақмола облысының ТЖ департаменті орман алқабында өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға