Ақмола облысында 10 тонна шөп өртенді
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
27.09.2024 20:05
695
Ақмола облысы Степногорск қаласының Бестөбе кентінде 10 тонна шөп өртенді. Мал азығы жүк көлігінің тіркемесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің көлікке таралу қаупі болғандықтан шөпті тіркемеден ашық жерге түсіріп барып қызыл жалынды сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Облыстық ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады