Ақмола мен Қостанай облыстарында жолдар жабылды

17 ақпан сағат 19:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірдегі республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы:
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
- "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы - Бұзылық ауылы);
- "Жезқазған-Петропавл" автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).
"ҚазАвтоЖол" компаниясы уақытша жабылған жолдарды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
