Жаңалықтар

Ақмола әкімі Ерейментау ауданындағы автомобиль жөндеу зауытында болды

Ақмола әкімі Ерейментау ауданындағы автомобиль жөндеу зауытында болды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 01.06.2024 06:37 600

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау ауданындағы автомобиль жөндеу зауытында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Автомобиль жөндеу зауыты 811» жүк көліктері мен барлық модификациядағы агрегаттарды, пантомдық көпірлер мен өрт сөндіру техникасын күрделі жөндеумен айналысады. Ұжымда барлығы 120 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. 
Бас директор Дәулет Сүтемгеновтің айтуынша, компания жаңа бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр - азаматтық және теміржол құрылыстарын дамыту, өрт сөндіру көліктері паркін кеңейту. 

Әкімдіктің хабарлауынша, аймақ басшысы өңірдегі кәсіпорындарды дамыту маңызды екенін, бұл инвестиция мен жаңа жұмыс орындарын ашу ғана емес, жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына әсер ететінін атап өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға