Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болды
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
06.02.2024 18:40
1703
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты жаңа лауазым алды.
Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға