Жаңалықтар

«Ақкенттегі» өрт: министр құтқару матрастары неліктен қолданылмағанын айтты

«Ақкенттегі» өрт: министр құтқару матрастары неліктен қолданылмағанын айтты
Фото: t.me/KZgovernment 08.08.2023 12:08 994

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үйінде болған өрт кезінде неліктен құтқару матрастары қолданылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар тұрғын үйлердің ішіне кіріп, тұрғындарды өрттен алып шықты. Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде қолданылатын автосатыларды пайдаланды. Бұл жерде, ең бастасы, дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтау керек. Дегенмен сол кезде тұрғын үй алаңында жүрген азаматтар дүрбелең жасап, тұрғындарға терезеден секіру үшін матрастар мен кілемдерді пайдаланған. Өрт кезіндегі қауіпсіздікке байланысты бұлай жасаудың қажеті жоқ еді және өрт сөндіруші мамандарын күту керек, - деді Шәріпханов.

Оқи отырыңыз:

Министрдің айтуынша, Алматыда өрттен құтқару кезінде қолданылатын екі матрас бар. Дегенмен Алматыдағы жағдайда матрастарды қолдану қажет болмады. Себебі ғимаратта ашық өрт және түтін болмаған. Сондықтан қарапайым қауіпсіздік шаралары қолданылды.

Алматыда өрттен құтқару қызметінде 19 автосаты бар. Бұл жеткіліксіз. Алдағы уақытта тағы 6 автосаты алынады. Еліміз бойынша 200 автосаты бар, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Қайтыс болған әйелдің отбасына қала әкімі Ерболат Досаев көңіл айтты

Бұл қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға