Жаңалықтар

Аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады

Аптап ыстық: Синоптиктер ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.06.2023 07:20 677

Синоптиктер 1 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» таратқан мәлімет бойынша, антициклон жырасы әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталуда, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл орын алуы ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, - дейді синоптиктер.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға