Apple, Netflix секілді компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге салық төлеген
![Apple, Netflix секілді компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге салық төлеген Apple, Netflix секілді компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге салық төлеген](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141917/1200xauto_efwTRgxewALneuywnsdXDw120SvG0HUZE4NDxZla.jpg)
Үш жылда шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігі Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген шетелдік интернет-компанияларға («Google салығы») салық салудың жаңа қағидаларын қолдану нәтижелері туралы хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. Үш жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге.
2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.
Салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады, - деп атап өтті ведомство.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)