APPLE. Құрылу тарихы
Қазіргі таңда әлемде кәсіпкерліктің түрі сан алуан. Көңілің қалаған іспен шұғылдануға мүмкіндік бар. Алайда ойланып қарасақ, қандай кәсіпкерлік болмасын, азық-түлік, туризм,киім-кешек не болмаса технология болса да, әр саланың өз көшбасшысы болады. Көбінесе алдыңғы қатардан көрінетіндердің өз сауда белгісі бар. Ол адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, өздерін белгілі бір тудың астына жиналғандай сезінеді. Бұл әдісті кәсіпкерлікте ойдағыдай қолданған компаниялардың бірі, бүкіл әлемге танымал - Apple.
Бүлдіршіндерден бастап ересектердің де көңілінен шығатын Apple технологиясының тарихына үңіліп көрейік. Өздеріңіз білетіндей бірлестіктің негізін салған, аты шулы Стив Джобс.
Болашақ миллиардер Стивен Пол Джобс 1955 жылдың 24 ақпанында Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Туған анасы нәрестеден бас тартқаннан кейін, оны Клара мен Пол Джобс асырап алады.
Жастайынан ой-өрісінің кеңдігімен көзге түскен Стив, 12 жасында Hewlett-Packard компаниясына жұмысқа орналасып, Стивен Гэри Вознякпен танысады. Екі данышпанның бірін-бірі кездестіруі тарихты өзгертті десек те болады.
1972 жылы мектеп бітірген Стив, Портленд қаласындағы Рида колледжіне оқуға түседі. Бірақ алты айдан кейін оқуды тастап, компьютерлік ойын өндіретін Atari компаниясын жұмысқа тұрады. Алайда, көп уақыт өтпей, ол Индияға аттанады. Ал, келе сала Вознякпен бірге дербес компьютер құрастыруға кіріседі. 1975 жылы ойларын іске асырған достар, алғашқы дербес компьютерді Hewlett-Packard басшылығына ұсынады. Бірақ, ол жылдары компьютер деп, әскери жұмысқа ғана қолданылатын электр құрылғыларынан тұратын темір үйіндісін білетін. Сондықтан Hewlett-Packard үй компьютерінің болашағы жоқ деп шешеді.
Жеңілуге үйренбеген Стив Джобс, өміріндегі ең маңызды шешімге келеді. Ол Стив Возняк пен Atari-да бірге істеген әріптесі Рональд Уэйнмен компания ашуға бел буады. Осылай 1976 жылы 1-сәуірде Apple компаниясы құрылады. Бірақ, сауда белгісі біз үйренген «тістелген» алма емес, алма ағашының түбінде отырған ағылшын ғалымы Исаак Ньютон болатын. Ал Apple деп аталу себебі, телефон анықтамасында қарсылас компания Atari-дың алдында тұру еді. Қанша күн ойланып, түк таппағаннан кейін, Стив, компанияға сүйікті жемісінің атауын берген болатын.
Apple Стивтің әкесі Пол Джобстың гаражынан басталатын болды. Сол гаражда алғашқы Apple-1 компьютері жасалады. Уақыт өте келе, алғашқы компьютер дүкенінің иесі Пол Террелл 500 доллардан 50 компьютерге тапсырыс беріп, құрастырушылардың сұрауы бойынша 666 доллар 66 центке сататын болды.
Apple-1 сұранысқа ие болғандықтан, достар Apple-2 компьютерін құрастырмақшы болды. Бұл ойды іске асыру үшін оларға Армас Клифф Марккула атты миллионер қаржылай көмек көрсетті. Соның арқасында екі Стив кеңсеге көшіп, компанияға қызметкерлер жинай бастайды.
Apple-2 біздің қазіргі таңда қолданып жүрген компьютердің алғашқы түрі. Яғни, Apple-1 тек экран ғана болса, Apple-2-де пернетақта мен тышқан болған. Және де ең маңыздысы ол түрлі-түсті болып шықты. Сондықтан, Apple-дің сауда белгісі, түрлі-түсті «тістелген» алмаға ауысады.
1980-жылдары Apple компаниясының жүздеген қызметкерлері, бүкіл әлемге жайылған атағы болды.
1984-жылы алғашқы Macintosh компьютері шығады. Оған, компания қызметкері Джеф Раскин алма сұрыпының атауын берген болатын.
2001-жылы әуен ойнатқыш iPod, 2007-жылы iPhone атты ұялы телефон ал, 2010-жылы iPad тақтайша компьютері шықты.
Apple компаниясы 37 жыл бойы технология кәсіпкерлігінде бірінші орынды иемденіп келе жатыр.
Бұл компанияның қызықты тарихы, қиындықтан жасымай, жарқын болашаққа сенуді үйретеді.