Жаңалықтар

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

Алты америкалық миссияның Жер серігіне сапары барысында түсірген суреттері
20.10.2015 04:38 9487

Личнбург колледжінің қызметкері Кипп Тиг америкалық ғарышкерлердің «Аполон» миссиялары кезінде түсірген суреттерін жариялады. Ол бұл суреттерді 15 жыл бойы жинап, бүгінгі күнге дейін жоғары сападағы 8400 өңделмеген түсірілімді Flickr фотохостингіне салып үлгерді. Энтузиаст өзінің суреттер сериясында «Аполлон» атты ғарыштық жобаның барлық алты миссиясын қамтыды.

Фотоларда Жер серігінің шөлді ландшафтарымен қатар, ғарыш аппараты, сондай-ақ америкалық ғарышкерлердің тұрмыстық өмірі бейнеленген. Барлы суреттер Hasselblad камерасына түсірілген және жоғары сапада алғаш рет жариялануда. Әлі де толықтырылатын ауқымды фотоархивтің үздік түсірілімдерін назарларыңызға ұсынамыз.

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

1. Жердің «Аполлон-11» аппаратынан түсірілген суреті

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

2. «Аполлон-11» экипажының америкалық ғарышкері Ай бетінде тәжірибе жүргізуде

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

3. Америкалық ғарышкер Ай бетінде

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

4. «Аполлон-12» Жерге қонушы аппараты және америкалық ғарышкерлер Ай бетінде

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

5. «Аполлон-12» экипажының америкалық ғарышкері  Жердің табиғи серігінде

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

6. «Аполлон-14» экипажының америкалық ғарышкері Ай бетінде АҚШ туымен

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

7. «Аполлон-14» Жерге қонушы аппараты Айда

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

8. Ай ровері және «Аполлон-15» миссиясының Жерге қону аппараты

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

9. «Аполлон-15» миссиясы ғарышкерлерінің Ай бетінен түсірген суреті

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

10. «Аполлон-15» миссиясындағы америкалық ғарышкер

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

11. «Аполлон-15» миссиясының ғарышкерлері түсірген Ай суреті

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

12. «Аполлон-16» миссиясындағы америкалық ғарышкер Ай бетінде

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

13. Ғарышкер Чарльз Дьюктың Ай бетіне қалдырылған отбасылық фотосы

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

14. «Аполлон-17» миссиясының ғарышкері Айда

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

15. «Аполлон-17» миссиясының ғарышкері, АҚШ туы және Жер ғаламшары

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

16. Ғарышкер Харрисон Шмитт «Аполлон-17» миссиясының ғарыш кемесінде қырынуда

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

17. «Аполлон-17» миссиясының ғарышкерлері түсірген Ай бетінің суреті

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

18. «Аполлон-17» миссиясының ғарышкері өз әріптесін Ай бетінде суретке түсіруі

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

19. Ғарышкер Рональд Эванс Айдағы топырақтың үлгілерімен

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

20. «Аполлон-17» ғарышкерлері түсірген Жер суреті

«Аполлон» бағдарламасы – 1961 жылы жылы іске қосылған АҚШ-тағы НАСА ғарыш агенттігінің басқарылатын ғарыштық сапар бағдарламасы. Мақсаты – Айға басқарылатын, яғни ішінде ғарышкерлері бар, ғарыш аппаратын қондыру. Бағдарлама 1975 жылы аяқталды. Бар-жоғы «Аполлон» бағдарламасы аясында Айға қону бойынша 6 миссия (соңғысы – 1972 жылы) сәтті жүзеге асты.  Бұл алты сапардан кейін адамзат әлі күнге дейін астрономиялық объектіге қонған жоқ. 


Дәурен Омаров

Фото: The Project Apollo Archive / NASA

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға