Әпкесі мен інісінің зорлануы: ата-анасы естіп тұрып шара қолданбаған
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Мақайыңдағы әпкесі мен інісінің зорлануына қатысты тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысының сөзіне қарағанда, қыз бала өзіне қатысты жайтты ата-анасына айтқан, алайда олар ешқандай шара қолданбаған.
Майқайыңда болған оқиғада қызы зорлық көргенін анасына айтқан. Шешесі сенбеген. Қыз бала өгей әкесімен бірге тұрған. Сондықтан ол туған әкесіне барып зорланғанын айтқан. Бірақ ата-анасы қыздарының сөзін елемей, ешқандай шара қолданбаған, тексермеген, - деді Байханов.
Сонымен қатар ол Павлодар облысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері туралы да мағлұмат берді.
Өңірде балаларға қатысты 30 факт тіркелген. Оның ішінде 8 бала екеуара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. 22 бала зорланған. Соның ішінде 25 бала үйінде зорлық көрсе, бес бала үйінен тыс жерде зорлық көрген (екі статистикада да өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен балалар бар), - деді облыс әкімі.