«Апатқа ұшырамайды». Министр енді ЖЭО-да апат болмайды деп сендірді

Теміртау, Екібастұз және Риддердегі ЖЭО-дағы апатқа байланысты энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теміртау қаласындағы «Bassel Group LLS» ЖШС, Екібастұз бен Риддердегі ЖЭО және ГРЭС-1-де температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар, технологиялық бұзушылықтардың жіктелуіне сәйкес, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамайды, - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.
Энергетика министрінің сөзінше, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. Қазіргі уақытта барлық тұтынушылар ;жылы жүйесіне қосылған.
Электр қуатын тұтынудың максимумы 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі, - деді Сәтқалиев.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері Екібастұз, Риддер, Теміртау, Балқаш, Ақтау және Көкшетау қаласының тұрғындары ЖЭО-дағы апатқа байланысты жылу мен сусыз отырды.
