Жаңалықтар

АӨСШК – Орта Азияға ортақ платформа алаңы

АӨСШК – Орта Азияға ортақ платформа алаңы
Фото: El.kz 21.12.2022 10:50 1966

Орталық Азиядағы медиа форумның екінші күнінде АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай «Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» тақырыбында Азияға ортақ құндылықтар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Азияға ортақ халықаралық белсенді ұйымдар бар. Солардың бірі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Оған Азиядағы елдер мүшелік етеді. АӨСШК Орталық Азияда жоғары деңгеймен сипатталатын құрылысқа арналған платформа болып табылады. Демек, Азиямен шектесетін елдермен қауіпсіздік мәселесін ғана қарап қоймай, көп қырлы, жан-жақты мәселелерді қамтитын ауқымды платформа», - деді Қайрат Сарыбай.

Оның айтуынша, АӨСШК – өзара әрекеттесудің платформасы. 1999-2002 жылдары аралығында қабылданған Алматы актісінде халықаралық сенімді нығайту шараларының каталогы болып саналды.

Бұл ұйымға мүше мемлекеттердің министрліктерімен бірге қабылданған бірегей маңызы зор құжат. Осындай маңызды құжаттардың қабылдануы Орта Азия елдерінің арасындағы бірлік пен қарым-қатынасты нығайтатынын еске сала кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға