Жаңалықтар

Антикордың құрамына енген жас мамандар ант қабылдады

Антикордың құрамына енген жас мамандар ант қабылдады
Фото: t.me/antikornews 06.07.2023 09:20 1026

Еліміздің Антикор қызметінің сапы жас қызметкерлермен толықтырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 46 қызметкері Қазақстан халқына ант берді. Жас офицерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өздерінің барлық іс-әрекеттерінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға міндеттенді.

Агенттік төрағасының бұйрығымен оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лейтенанттары алғашқы арнаулы атақтары беріліп отыр.

Аумақтық департаменттердің басшылары жаңа қабылданған қызметкерлерді құттықтап, қоғам мен мемлекеттің жоғары сенімін ақтауға, қызметтерін абыроймен атқаруға, кәсіби борыштарын лайықты орындауға шақырды. Барлық жаңа қызметкерлер ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 6 айлық бастапқы кәсіптік даярлықтан өтті. Олар сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінде тағылымдамадан өтті, - деп жазылған агенттіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кететін жайт, алғашқы кәсіби дайындықтың келесі кезеңі 2023 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ, тіркелу туралы Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға