Жаңалықтар

Антикордың 2 қызметкері сотталып, 142-сі тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Бұл туралы антикор басшысы ведомстваның отырысында мәлімдеді
Антикордың 2 қызметкері сотталып, 142-сі тәртіптік жауапкершілікке тартылған
Фото: inform.kz 08.07.2022 11:50 1230

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қызметкерлерді мансаптық жоғарылату меритократия қағидаты бойынша жүргізіледі. Соңғы үш айда 57 қызметкер жоғары кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін көрсеткені үшін басшы лауазымдарға ұсынылды, – деп хабарлайды El.kz.

Құқық қорғау органдары академиясында алғаш рет 50 жас маман 6 айлық оқуын аяқтады. Жақын арада олар қызметке тағайындалады. Жеке құрамның тазалығына ерекше көңіл бөлінеді.

– Антикор қызметкерлерінің моральдық және кәсіби келбеті мінсіз болуы керек. Қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек. Қызметкерлердің заңға қайшы және әдепке жат қылықтары туралы кез келген қарама-қайшылықтары менің жеке бақылауымда болады, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

А.ж. сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 2 қызметкер сотталды. Тәртіптік жауапкершілікке 142 қызметкер тартылды. Оның бесеуі теріс себептермен босатылды. Бұл мәселеде «біз түбегейлі және қатаң ұстанымды ұстанамыз». Жақын арада Агенттік өз қызметкерлеріне қатысты Integrity Check жемқорлыққа төзбеушілікке тексеру тетігін пилоттық апробациялау басталады.

– Менің ойымша, біз осы ұсыныстың бастамашысы ретінде өзімізден бастаймыз. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өз қатарларымыздың тазалығын қамтамасыз ететін боламыз, – деді Антикор басшысы.

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға