Жаңалықтар

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығы хабарлады
Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады
Фото: Ашық дереккөз 28.06.2022 17:03 1250

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомстваның квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде арналған ақша қаражатын талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді.

Күдікті тұлға 25 маусымда 15 милион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға