Жаңалықтар

Антикор «Аrtsport» платформасында ұрлық фактілерінің жолын кесті

Мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген
Антикор «Аrtsport» платформасында ұрлық фактілерінің жолын кесті
Фото: 24.kz 15.07.2022 13:14 1929

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын қаржыландыруға бөлінген қаражатты жымқыруды ұйымдастырған бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Антикор телеграм каналына сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып, «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар. Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексерілуде. Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аrtsport» жобасының кемшілігін түзетіп, жалғастыру қажеттігін айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға