Жаңалықтар

Антикор жемқорлардың тізімін жариялауды ұсынды

Антикор жемқорлардың тізімін жариялауды ұсынды
Фото: El.kz/Нүркен Алишев 04.06.2024 18:11 428

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген мына заң жобалары Мәжілісте қаралып жатыр:

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

  • Жемқорлардың жария тізілімін енгізу қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын тудыруға ықпал етеді. Адамның жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария етіліп, ал жемқорлық қылмысын жасау фактісі ұят іс-әрекет саналады.
  • Пара беру туралы уәдені/ұсынысты криминализациялау және мұндай ұсынысты қабылдау қоғамда тиісті мәдениетті қалыптастырады.
  • Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін шенеуніктердің, жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер көзделген (айыппұлдар еселеп өседі, ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарады).

Тұрмыстық жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жаңа баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Қазір аталған заң жобасы Мәжілістегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Топтың құрамында депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері бар.

Аталған заң жобалары жұмыс тобының мүшелері енгізетін түзетулерді ескеріп жетілдіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға