Жаңалықтар

Антикор Кәрім Көкірекбаевқа қатысты тергеуді аяқтады

Антикор Кәрім Көкірекбаевқа қатысты тергеуді аяқтады
Фото: president.kg 24.05.2023 16:40 925

Антикор Қазселденқорғау ісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

Антикор мәліметінше, ұйымның басшылығы орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғанын және қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңге көлемінде пара алғанын растады.  

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте.

Бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған (2013-2018 жылдар аралығы). 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға